Оқу орындарының педагогикалық қызметін басқару – педагогикалық
процесті жоспарлау, ұйымдастыру, марапаттау,
нәтижелерді бақылау және талдау.
Оқулық – программа мен дидактиканың талаптарына сай ғылыми-
теориялық жағынан ұстамды құрылған, оқу пәнінің
мазмұнын бірізді баяндайтын кітап.
Оқу экскурсиясы – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылыстармен
табиғи ортада таныстыруды қамтамасыз ететін оқыту
формасы.
Оқыту – оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен қарулан-
дыратын, олардың таным және творчестволық қабілет-
терін дамытатын мұғалімнің қызметі.
Оқыту методы (латын сөзi «metodos» – жол, тәсіл) – оқытудың мақсаты мен
мiндетiн іске асырудың жолы.
Оқыту процесі – оқытушы мен оқушының бiр мақсатқа бағыталған өзара
әрекеттесуінің нәтижесі арқылы оқушыға білiм беру мін-
детін шешу процесі.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – мұғалім мен оқушылардың арнайы
ұйымдастырылып, белгіленген тәртiп пен режимде
өтетiн жұмысы.
Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көз-
деген жұмысы. Өздігінен білім алу адамның өзі қызы-
ғатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді
меңгеруі, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды
тыңдау арқалы білімін жетілдіру.
Патриотизм – жас ұрпақтың Отанға, туған жерге махаббаты, халқына
деген мақтаныш сезім, бойындағы күш-қуаты мен
білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау.
Педагог кадрлар – профессор-оқытушы, оқытушы, методист, тәрбиеші, пси-
холог, дефектолог, логопед, спорт инструкторы, музыка
және үйірме жетекшілері.
Педагог кадрларды аттестациялау – олардың кәсіптік шеберлігі жетілуін
ынталандыру; тәлім-тәрбиеде озат педагогикалық техно-
логияларды істеп шығу және одан пайдалану; рухани-
ағартушылық бағыттағы нәтижелерін әділетті бағалау;
оқытушының педагогтық мамандық дәрежесіне және
иелеп тұрған лауазымына сай болуын анықтау.
Do'stlaringiz bilan baham: |