Классификациялау – нәрселер және құбылыстарды арасындағы ұқсастық-
тары немесе айырмашылықтары бойынша топтау.
Кәсіптік бағдар беру (профориентация) – өсіп келе жатқан жас ұрпақты өз
еркімен мамандық таңдауға дайындау.
Кәсіптік коллеж – тиісті мемлекеттік білім беру стандарты шеңберінде орта
арнаулы, кәсіптік білім беретін; оқушылардың кәсіпке
бейімділігі, білім мен дағдыларын дамытуға, таңдаған
кәсібі бойынша бip яки бірнеше мамандықты игеріп алу-
ға мүмкіндік беретін орта арнаулы оқу орны.
Көзқарас – қоғамдағы және табиғаттағы құбылыстарға өз қатынасын
білдіретін адамның қорытынды ойы, тұжырымы.
Компенсация (латынша compensatio – орнына төлеу, теңелту) – организмнің
бұзылған немесе жетілмей қалған функцияларының
орнын толтыру, қайта құру.
Коррекция – аномал балалардың психикалық және дене жағынан
дамуындағы кемшіліктерді түзету, жоғату және тегістеуге
бағытталған арнаулы педагогикалық және емдік шаралар
системасы.
Коррекциялық педагогика – денсаулығының мүмкіндігі шектелген, дене
және психикалық кемістігі болғандықтан тәрбиелеу мен
оқытудың арнаулы индивидуал методтарына мұқтаж
баланың жеке басын дамыту процесін басқарудың мәнін,
заңдылықтарын, тенденцияларын үйренетін ғылым.
Оның салалары мыналар:
сурдопедагогика – саңырау-мылқау және саңырау балаларды оқыту мен
тәрбиелеу мәселелерін зерттейді;
тифлопедагогика – соқыр және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбие-
леу мәселелерін зерттейді;
олигофренопедагогика - ақыл-ой дамуы жағынан мешеу қалған балаларды
оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді;
логопедия – тілінің мүкістігі, кемістігі бар балалармен шұғылданады.
Do'stlaringiz bilan baham: |