Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet141/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Менеджмент (яки басқару) – бұл бар минимал мүмкіндіктерден максимал
нәтижелерге жету мақсатында белгілі бір қызметкерге
немесе топқа әсер ету, олармен ынтымақтасып әрекетте
болу процесі.


Мемлекеттік білім беру стандарты – білім беру мазмұны мен сапасына
қойылатын талаптарды белгілейтін нормативті құжат.


Мемлекеттік-қоғамдық басқарудың мақсаты – білім беру мекемелерінің
актуал мәселелерін мемлекет және қоғам ынтымақтасты-
ғында шешу, оқушылар, оқытушылар және ата-аналарға
оқу программаларын, түрлерін, оқу орындарын таңдауда
құқық және еркіндік беруді кеңейту.


Мораль – адамдардың бip-біріне және қоғамға деген міндеттері мен
қатынастарын айқындайтын ортақ тұрмысы мен мінез-
құлқының нормалары және ережелерiнің жиынтығы.


Мотив – адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелей-
тін әрекетіне ішкі талаптануы.


Мұғалім (педагог, тәрбиеші, оқытушы) – бұл мектептегі (оқу орындарын-
дағы) оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушы және оны
іске асырушы тұлға, арнаулы дайындығы бар және педа-
гогикалық қызметпен кәсіби шұғылданатын адам.


Нәтиже (оқытудың жемiсi) – оқытудың жетіп келу межесі, оқу процесінің
соңғы нәтижесі, қойылған мақсатты іске асырудың
дәрежесі.


Іскерлік – шәкірт алған білімдерін саналы түрде іс жүзінде қолдана
алатын әрекеттері.


Ойлау – заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыс-
тар мен қатынастарды бейнелейтін психикалық процесс.


Орта – стихиялы түрде балаға ықпал өтетін әр қилы сыртқы
құбылыстардың жиынтығы.
Оқу – бұл тәлім-тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған оқу-
шылардың танымдық қызметінің системасы.


Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша білім, дағды және іскерліктер маз-
мұны, оқу жылдары бойынша программа материалда-
рының өтілуі, тақырыптардың сағаттары белгіленген
нормативті құжат.


Оқу жоспары – Өзбекстан Республикасы халыққа білім беру уәзірлігі
немесе Өзбекстан Республикасы Жоғары және орта ар-
наулы білім беру уәзірлігі бекіткен оқу орнының
сертификаты.
Оқу процесі – білім, дағды және іскерліктерді меңгеру пpoцeci болып,
оқушылардың мінез-құлқына, сана-ceзімінe, қызметіне
әсер етеді және олардың дамуын қамтамасыз етеді.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling